29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні –денсаулық сақтау саласындағы жаһандық науқан. Оның негізгі мақсаты – жүрек-қан тамырлары аурулары туралы ақпараттандыруды арттыру, олардың пайда болу себептері мен алдын алу жолдарына назар аударту.Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлімнің басты себебі, жыл сайын 18 миллион адамның өмірін қияды. Дүниежүзілік жүрек күні алдын алудың ғаламдық және жеке деңгейде мүмкін және қажет екенін еске салады. Жүрек күні қарсаңында биохимия және химиялық пәндер кафедрасының 1511 тобының кураторы мен студенттері жүрек ауруларының алдын алу мен білімнің маңыздылығын талқылады.Өкінішке орай, топтағы көптеген студенттердің жақындары жүрек, тамыр, гипертония ауруларымен ауырады және ерте алдын алу маңызды.Барлығына салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, күйзелістен аулақ болуды тілейміз.
1511 топ кураторы Олжаева Р.Р., топ студенттері.