Академиялық саясат және тәртіп саясаты

Академиялық саясат және тәртіп саясаты

25.09.2024 ж. “СМУ” КЕАҚ Жалпы білім беру пәндері кафедрасында 1105, 1106 медицина топтарының студенттері мен кураторы Г.К. Токабаеваның қатысуымен “Академиялық саясат және тәртіп саясаты” тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді Семей медицина университетінің ректоры

А.А. Дюсупов бекіткен академиялық саясатпен таныстыру, саяси тәртіпті түсіндіру.

Академиялық саясат – білім беру сапасын арттыруға бағытталған оқу-тәрбие процесін жоспарлау мен тиімді ұйымдастырудың шаралары, ережелері мен тәрбие жүйесі.

Аталған топтардың кураторы Г.К. Токабаева студенттерге бекітілген құжатпен таныстырып, академиялық саясат пен тәртіп саясатының маңыздылығын атап өтті. Студенттер өздері танысқан мәліметтерді айтып, өз ойларын бөлісті.