“Гепатиттің алдын алу” тақырыбындағы дөңгелек үстел

“Гепатиттің алдын алу” тақырыбындағы дөңгелек үстел

24.06.2024 ж. Семей қаласының №6 аралас типті емханасында дәрігерлер мен медбикелер үшін “гепатиттің алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. “Жалпы медицина” факультетінің 5411 тобының студенттері әлемдегі А,В,С,Д, Е гепатиттері бойынша эпидемиологиялық деректерді және осы инфекциялардың берілуінің негізгі жолдарын баяндады. Спикерлер гепатиттің қазіргі заманғы ағымы клиникасын егжей-тегжейлі айтып, аурудың сарғаю алдындағы кезеңінде осы инфекцияларды ерте диагностикалау қажеттілігіне баса назар аударды. Энтеральді және парентеральді гепатиттердің алдын алу жеке пысықталды. Дәріскерлер жұқпалы гепатиттердің алдын алу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын тұрақты жүргізудің маңыздылығын еске салды.
Шаймарданов Н. К., Исабекова Ж. Б., Смаил Е. М.