МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМ – МЕНІҢ НӘТИЖЕМ

МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМ – МЕНІҢ НӘТИЖЕМ

2024 жылы бекітілген Еңбек күнін мерекелеуге арналған Іс- жоспарына сәйкес, 15 – 20 қыркүйек аралығында барлық мамандықтардың 1 және 2 курс білім алушыларына жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында тәлімдік-тәрбиелік бағыттағы дәрістер өткізілді.

Тәлімдік-тәрбиелік дәріс оқушылар кафедра меңгерушісі Уранхаева Г.Т., аға оқытушылар Ибраемова М.С., Мұздыбаева Т.А., Джакипова Т.У. бұл мейрамның Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, өндірістік қызметкерлерді ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздейтіндігін баса атап өтті. Көпжылдық еңбек дәстүрлерін сақтап, нығайту мақсатында өз ісінің нағыз маманы болған тұлғаларды, қарапайым жұмысшылықты отбасылық кәсіпке айналдырған еңбек майталмандарын да ұлықтап, жастарға үлгілік тұлғалар таныстырылды.

Сөз соңында дәріскерлер «Бәріміз де жұмысты қарапайым еңбектен бастадық. Бос жүрмей, адал еңбек етсеңіздер – болашағыңыз жарқын, туған елімізді нығайтуға қосар үлесіңіз мол болмақ»,- деп түйіндеді.

 

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз