ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Университетімізде Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен және Акушер-гинекологтардың ұлттық қауымдастығы мен Семей медицина университетінің қолдауымен, шетелдік зерттеушілер қатысқан ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Ауқымды шараның ашылу салтанатында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов, АГжПҒО басқарма төрағасы Гүлфайруз Уразбаева, АГжПҒО директорлар кеңесінің төрағасы Зәуреш Аманжолова, Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов сөз сөйледі.
Конференцияға акушер-гинекологтар, репродуктологтар, неонатологтар, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар және басқа да мамандар қатысты. Конференция барысында Алматы, Астана, Шымкент, Семей және басқа өңірлердің мамандары медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, отбасы денсаулығының клиникалық аспектілері, халықтың репродуктивті денсаулығы және өзге де тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.