2024 жылдың 17 қыркүйегінде профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кураторлық сағат өткізілді. Шараға кафедра меңгерушісі Қожанова С.Қ., аға оқытушы Есболатова Г.М. «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенттері 2108,2124 және «педиатрия» -2231 топ студенттері қатысты. Куратор сағатының мақсаты студенттермен жолдаудың мақсаты, міндеттері мен мазмұнын талқылау болды.
Өткізілген кураторлық сағат студенттер қауымы арасында Елбасы жолдауында айтылған барлық негізгі мәселелер туралы ақпараттандыруды кеңейтуге ықпал етті.