Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық мәселесі өте өзекті болып тұр. Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтардың айласына оқытушылар мен студенттер жиі алданатын көрінеді. Осыған байланысты университетте Абай облысы полиция департаментінің КПБ киберқылмыс істері жөніндегі аға жедел уәкіл полиция майоры Т.М. Ельчубаевпен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жиналыс өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкері алаяқтықтар ең көп қолданатын қулықтардың қатарына банк қызметкерлері, полиция қызметкерлері, ҰҚК және т. б. ұйымдардың қызметкерлері болып телефон шалу жататынын айтты. «Полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ешқашан WhatsApp арқылы телефонға хабарласпайды. Ресми нөмірлер бар. Егер қоңырау WhatsApp-тан келсе, онда бұл жүз пайыз алаяқтар. Сондай-ақ, алаяқтар SIM карталарының жарамдылық мерзімі туралы айтады. Естеріңізде болсын, сіздердің SIM карталарыңыздың қызмет мерзімі шектелмеген. Сондай-ақ, ешқашан Телеграмм, Тик – ток және т.б. желілерде сілтемелер бойынша өтпеңіз”, – деп атап өтті Т.М. Ельчубаев. Кездесу соңында білім алушылар барлық сұрақтарына жауап алды.