Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

“МУС” КеАҚ 3-ші студенттер үйде іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес 2024 жылдың 07 қыркүйекте Казымов М.C, Курумбаев Р.Р, Апсаликов Б.А кездесу өткізді, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы талқыланды. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндап, көшу қажет жаңа экономикалық модельді ұсынды. Студенттер Президенттің Жолдауын мұқият тыңдап, үлкен әсер алғандарымен бөлісті. Білім алушылар биылғы Жолдаудың сипаты мен құрылымы жағынан бұрынғылардан өзгеше екенін атап өтті.
Кездесу кезінде студенттер болашаққа арналған жаңа өнеркәсіптік саясат, инфрақұрылымдық проблемалар, елдің кадрлық әлеуеті, ұлт денсаулығын нығайту, экономикалық қылмыстарды қылмыссыздандыру және тағы басқа мәселелерді талқылады.
Жүргізілген тәрбие жұмыстарының арқасында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, алдағы жылдарға қойылған кейбір міндеттермен танысты. Еліміздің болашағы үшін жауапкершілігі бар жастарға осындай сағаттар мемлекеттің өміріне немқұрайлық танытпай, белсенді қатысуға мүмкіндік берді.

Жарияланды: