Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызмет қатарына тарту бойынша үгіт-насихат жұмысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызмет қатарына тарту бойынша үгіт-насихат жұмысы

24 қыркүйек 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ акт залында  Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен, атап айтқанда, хирургия бөлімшесінің аға ординаторы, анастезиолог, реаниматолог дәрігері медицина қызметінің майоры Ануарбекова Әсем Асылбекқызымен, хирургия бөлімшесінің аға ординаторы, хирург дәрігер медицина қызметінің капитаны Тлебалды Олжас Маратовичпен, емхана бөлімшесінің хирург дәрігері медицина қызметінің капитаны Советказин Мерей Мухтарұлымен және медицина қызметінің аға лейтенанты Төлеген Бекдәулет Айтуарұлымен, университет түлектерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке келісімшартпен қабылдау бойынша,  7 курс интерндері және бітіруші резиденттермен  «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеру тәртібі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында әскери қызмет барысы және әскери қызметшілердің  мәртебесі туралы,  келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу тәртібі, өткеру шарттары, әскери қызметшілерге берілетін жеңілдіктер, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері жеткізілді.

Студенттер өздерін қызықтарған сұрақтарға толығымен жауап алды.

Әскери кафедра профессорлық-оқытушылық құрамның белсенді

қатысуымен  кездесу өте   тартымды да қызықты өтті.

Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі   Ш.Орынбасаров