Семей медициналық университетінде 2024 жылғы түлектерді қайта бөлу бойынша комиссия отырысы өтті

Семей медициналық университетінде 2024 жылғы түлектерді қайта бөлу бойынша комиссия отырысы өтті

2024 жылғы 27 қыркүйекте Семей медицина университетінде білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024 жылғы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған бітіруші түлектерді/жас мамандарды және философия докторларын (PhD) қайта бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оқуды жалғастырған түлектердің тізімін анықтау және жас мамандардың мемлекеттік тапсырысты өтеу орнына жетуін анықтау – осы отырыстың негізгі мақсаты болып табылады.

 

Комиссия құрамы:

Комиссия төрағасы:

Берікұлы Думан, «СМУ» КеАҚ дипломнан кейінгі білім беру және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректоры.

Комиссия төрағасының орынбасары:

Қасымова Анара Мұратқызы, Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығының Денсаулық сақтау кадр ресурстары Ұлттық обсерваториясының бас маманы.

Комиссия мүшелері:

Нұриденова Райхан Қуанышбекқызы, Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №7 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

Мұсабекова Жанна Әсемқанқызы, «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның дипломнан кейінгі білім беру және түлектерді жұмысқа орналастыру мектебінің деканы.

Қайрханова Ерікар Окимханқызы, «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике школы мектебінің деканы.

Баяндамашы: Абраимова қымбат Жеңісқызы, «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның түлектерін жұмысқа орналастыру және мансап жөніндегі маманы.

 

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 47-бабының 17-2-тармақшасына сәйкес жас мамандардың мынадай санаттарына пысықтау жөніндегі міндеттен босату беріледі:

1)жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткерген жері бойынша елді мекенде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда адамдарға;

2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

3) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға одан әрі оқу үшін түскен адамдарға;

4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ өз бетінше тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі.

Комиссия отырысына барлығы 413 түлек ұсынылды.

Комиссия келесі мәселелерді талқылады:

  1. 2024 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтаған және «Білім туралы Заңының» Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – заң) 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы, магистратура, докторантура негізінде резидентураға одан әрі оқу үшін түскен жас мамандарды пысықтау жөніндегі міндеттен босату.
  2. 2024 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған түлектерді Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына жеткізу.

         Бірінші мәселе бойынша шешім:

2024 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуды аяқтаған 198 жас маманды, олардың үшеуі жүкті әйелдер, заңға сәйкес үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ өз бетінше тәрбиелеп отырған адамдарға жұмыс істеу жөніндегі міндеттен босатылсын. Қалған 195 жас маман мемлекеттік білім беру тапсырысы, магистратура, докторантура негізінде резидентураға оқуға түсуі себебімен грантты өтеуден босатылды

 Екінші мәселе бойынша шешім:

128 жас маман жұмыс орнына жетті, бұл алдын ала бөлінген мамандардың 31% –ы және 75 (18%) жас маман жаңа жұмыс орнына қайта бөлінді.