«Семей қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кездесуі»

«Семей қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кездесуі»

2024 жылдың 27 қыркүйегінде «Эпидемиология және биостатистика» кафедрасының оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы  жалпы медицина факультетінің 2216 топ студенттерімен бірлесе отырып, Семей қаласының №23 орта мектеп пен №38 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.

Шара барысында мектеп оқушылары университет тарихымен және оқу үдерісін ұйымдастырумен таныстырылды. Оларға білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндіктері, оқуды бітіргеннен кейін алуға болатын біліктіліктер, оқу кезеңінде қосымша мүмкіндіктер туралы айтылды. Студенттер студенттік өмірден алған әсерлерімен бөлісті, тек оқуда ғана емес, волонтерлік қызметте, сондай-ақ әртүрлі ғылыми, спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысуда өзін көрсету мүмкіндіктері туралы айтты.

Университетте химия және биология бойынша дайындық курстарына ерекше көңіл бөлінді. Шара соңында барлық оқушыларға «Medical foundation» мектебінен ақпараттық материалдар мен университет туралы брошюралар таратылды.

Кездесу оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, кейбір мектеп оқушылары біздің университетке түсуге ниет білдірді.