Әр оқу жылының басында «Семей медицина университеті» КеАҚ академиялық үдеріске және студенттік қызметтің өзге де аспектілеріне қатысты университеттің ережелері мен талаптарымен танысу тұрғысынан барлық курстардың білім алушыларымен кездесулер өткізу дәстүрге айналған.
2024 жылдың 19-20 қыркүйек күндері Шетел білім алушылар мектебінің «Медицина» және «Жалпы медицина» білім беру бағдарламаларының 2-5 курс шетел білім алушыларымен жиналыс өткізілді.
- 2024-2025 оқу жылына арналған Академиялық саясат және Пән саясаты
- Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық.
- Білім алушылардың тәртібі мен этикасы.
- Шетел білім алушыларына арналған медициналық қызмет.
- Жатақханада тұру және жалға берілетін тұрғын үй.
Сабаққа қатысу, рұқсаттамалардың берілуі, сондай-ақ пән бойынша бағалау модельдері мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2 және 3 курс білім алушылары ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы өткізетін, барлығы үшін міндетті үшінші курсты аяқтағаннан кейін білім алушылардың білімін кешенді бағалауды өткізу туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар, жиналыстан кейін барлық курстардың білім алушыларына чаттары бойынша ақпараттық материалдар таратылды.