Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу

Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Абай облысының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Стоматология» білім беру  бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу. Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары»тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Абай облысының Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі Еспаева Гауһар Серікқызы заманауи синтетикалық препараттар, дәріхана нашақорлығы мәселелері туралы айтты. Студенттер есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарымен таныстырылды, бет белгілерді, веб-сайттардың атаулары жазылған парақшаларды таратқаны үшін айыппұлдар және синтетикалық есірткіні қолданудың салдары туралы ескертілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір