11.09.2024 ж СМУ балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Абаева К.Д. және Рахимбаева С.Ж. «Педиатрия» мамандығы бойынша 4405 және 4404 жетекші топтарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Отбасы күні аясында ҚеАҚ СМУ мекемесінде «Отбасы күніне » орай іс-шара жүргізді. Бұл іс-шараға балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары, педиатрия кафедрасында емделіп жатқан науқас балалар және олардың ата-аналары қатысты.
Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде тойланады. Мерекенің негізгі идеясы – біздің дәстүрлі құндылықтарымызды еске түсіру, бір-бірімізге қамқорлық жасау және отбасында жылулық пен сүйіспеншілікті сақтау қаншалықты маңызды. Бүгін студенттер ауру балалар мен олардың ата-аналарына мереке туралы айтып, оларды толғандыратын маңызды мәселелерге тоқталды. Бұл шара барлық қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Соңында кері байланыс болды. Бұл тәрбиелік іс-шаралар бүгінгі таңда өте өзекті және жаңа технологиялармен дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау үшін үлкен маңызға ие.