28.09.2024 жылы 3513 ЖМ кураторлық тобының студенттері, психиатрия және наркология кафедрасының бірінші оқу жылының резиденттері Ж. Е. Мұратбеков, А. Қ. Алдажар (куратор А.А. Алмагамбетова, академиялық тәлімгер, кафедра доценті Н.Н. Оспанова) Орталық Азиядағы ең ірі өзен аралы болып табылатын Бейбітшілік аралында «Экологиялық акциясы “Таза Қазақстан “» сенбілігі өткізілді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы туралы айтты. Акцияның мақсаты – “СМУ” студенттерінің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Бейбітшілік аралында студенттер рұқсат етілмеген полигондарды қоқыстардан (пластикалық қалдықтар, әйнек) тазартты.
3513 ЖМ тобының білім алушылары, оқудың бірінші жылының резиденттері Семей қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға оң көзқараспен үлес қосты!