МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

25.09.2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасы ЖМ 3513 тобының студенттеріне (куратор А.А. Алмагамбетова) “ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау” кураторлық сағатын өткізді. Кездесудің мақсаты: студенттермен Жолдаудың мақсаты, міндеттері мен мазмұнын талқылау. Мемлекет басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқталды. Ол тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаз әлеуетін жан – жақты ашу, халықтың әл-ауқатын нақты арттыру-мемлекеттің басты міндеттері екенін атап өтті. Семей медицина университетінің 3 курс студенттеріне құттықтау сөз сөйледі: психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, Phd докторы Т.М. Молдағалиев, А. А. Алмагамбетова. Олар өз сөздерінде болашақ ұрпақ үшін әділ Қазақстан, барлығына тең мүмкіндіктер мемлекетін құру жөніндегі жоғары миссия туралы айтты.

Студенттер мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму перспективалары, мемлекеттің жоспарлары және болашақта халықтың өмірін жақсарту маңызды екендігі туралы көп нәрсе білді!

Жарияланды: