Қыркүйектің 27-ші жұлдызында СМУ “Күміс университеті” жетекшісі Ж.К. Жайырбаеваның ұйымдастыруымен “Қариялы — ел, қазыналы — ел” атты облыстық мерекелік іс-шара өткізілді.
Ардақты қарттарымыз – халқымыздың алтын діңгегі, рухани байлығымыз. Қарттарымыз өмірдің сан алуан сынағынан өтіп, мол тәжірибе жинақтаған, кейінгі ұрпаққа ақыл-кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсететін данагөй тұлғалар. Олардың өмір жолдары – ізгілік пен қайырымдылықтың үлгісі. Қарттарымыздың парасаты мен даналығы – біз үшін рухани азық, ал оларды құрметтеп, сыйлау – біздің парызымыз.
Іс-шараның алғы сөзі «Медициналық білім сапасын бақылау» бөлімі басшысы Қанатұлы Мирасқа беріліп, сахна төрінде “Күміс университеттің” дәстүріне айналған мадақтау рәсімінде қарттарымызға алғыс хат табысталды!
Сонымен қатар мерекелік іс-шарамызға: «Айша Бибі» Қалалық Қазақ Мəдени Орталығы» қоғамдық бірлестігі; «№2 Семей арнайы əлеуметтік қызмет көрсету орталығы»; «Семей орыс əлеуметтік –мəдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің “Хмелинушка” вокалдық тобы;
Абай облысы Семей қаласының «№3 Арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету жəне белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ күндізгі бөлімі; қатысып, кешіміздің әсем әндері мен мың бұралған билеріне көзайым болып, өз өнерлерін де ортаға салды. Қарттарымыз университет ұжымына және жас студенттерге өздерінің алғыстарын білдіріп, ақ баталарын арнады.
”Қариялы ел-қазыналы ел демекші “Қарттарды қадірлеу – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың маңызды дәстүрлерінің бірі, сондықтан ардақты қарттарымызға қамқорлық көрсетіп, олардың өміріне қуаныш сыйлау керекпіз!