23.09.2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасында “Қазақстандағы отбасы күні. Жастар арасында мықты отбасы құндылықтарын қалыптастыру” тақырыбына кураторлық сағат өткізілді. Семей медицина университетінің 3 курс студенттеріне (3513 ЖМ кураторлық тобы) куратор Алмагамбетова А.А. құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде отбасының дәстүрлі құндылықтарының маңыздылығын атап өтті. Бұл әр түрлі ұрпақтар арасындағы байланыс болып табылатын отбасы, ол жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінің алғашқы кезеңі. Сондықтан отбасы, ана, әке және бала институтын қорғау кез-келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі болып табылады. Студенттер отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және т.б. туралы өз пікірлерін білдірді. Кездесу соңында өмір сапасын түсіну және жақсарту үшін психотерапиялық тренинг өткізілді.