Қазақстанда қыздарды адамның папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцинациялау
басталды. Бұл вирус жатыр мойны қатерлі ісігінің негізгі қоздырғышы болып табылады.
Вакцинация әйелдер денсаулығын қорғау жене қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің
бірін болдырмаута бағытталган. АПВ-га қарсы вакцина өзінің, тиімділігі мен
қауіпсіздігін халықаралық деңгейде делелдеді.
2024 жылғы 25 қыркүйекте КеАҚ «СМУ» ЖДТ кафедрасы кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор А.А.Дюсуповамен, кафедра ассистенті Т. И. Тереховамен бірлесе отырып №15 ЖОББМ-де семинар өткізді. Семинардың спикерлері ҰҚДСО (ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы) көмегімен ұйымдастырылған “Кеңейтілген иммундау бағдарламасы” бойынша оқудан өткен 706 тобының дәрігер-интерндері болды.
Семинарға ОДА № 12 медицина қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері қатысты. Интерн дәрігерлері ата-аналар мен жасөспірім мектеп оқушыларын адам папилломавирусына қарсы вакцинация тақырыбымен таныстыра отырып, презентация ұсынды. Шет елдердің оң тәжірибесі ұсынылды. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап алды.