2024 жылғы 26 қыркүйекте “Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясы” КМҚК Әуезов станциясында сібір жарасының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге жедел жәрдем қызметінің Әуезов станциясының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, фельдшерлер) қатысты. 2024 жылдың басынан бастап республика бойынша сібір жарасы ауруының расталған 12 жағдайы тіркелді (Жамбыл облысы – 1 жағдай, Алматы облысы – 1 жағдай (Алматы облысының тұрғыны), Алматы облысы – 10 жағдай).
Жалпы медицина факультетінің 5411 тобының студенттері Қазақстан Республикасындағы сібір жарасы бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндап, ел аумағында 2500 – ден астам стационарлық-қолайсыз пункттер бар екенін атап өтті.
Клиника, ерте диагностика және сібір жарасының клиникалық түрлерінің ерекшеліктері қамтылды. Сібір жарасы бар науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, ескерту схемасы және сібір жарасы бар науқасты тасымалдауға қойылатын талаптар жеке пысықталды.
Шаймарданов Н. К., Исабекова Ж.Б., Смаил Е. М.