2024 жылғы 20-ші қыркүйегінде Өскемен филиалының ЖТД кафедрасында дәрігер Н.В.Шульженконың қатысуымен “Жалпы дәрігерлік тәжірибе дәрігерінің тәжірибесіндегі арқадағы ауырсыну”тақырыбында дәріс өтті. Аталған дәріске 6-7-курс ЖТД интерндері, сондай-ақ дәрістің ұйымдастырушысы Ш. Д. Енсибаева,Ахметова С.С, Жунусова М.Қ және модераторы Ибрагимова Р.Н қатысты.
Арқадағы ауырсыну-науқастырдың еңбекке қабілеттілігі мен өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін ең көп таралған ауырсыну синдромдарының бірі.
Болашақта семіздік, темекі шегу, отырықшы өмір салты сияқты қатар жүретін аурулар мен қолайсыз факторлардың көбеюімен, сондай-ақ жалпы халықтың қартаюына байланысты арқадағы ауырсынудың таралуы артады деп болжануда. Арқадағы ауырсынуды жеңілдету мәселесі әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін өзекті болып табылады.
Дәріс барысында болашақ дәрігерлер арқадағы ауырсынуды емдеудің жаңа заманауи әдістерімен танысып, неврология бойынша білімдерін нығайтты. Мұндай дәрістер әрқашан өзекті болады. Медицина дамуда бір орында тұрмайтынын ескере отырып, мұндай дәрістер білімді жаңартуға, дағдыларды пысықтауға және тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді.