Топпен танысу

2024 жылғы 10 қыркүйекте Мейіргер ісі кафедрасында кураторлық топтармен танысу-алғашқы кездесу өтті: 101 «Мейіргер ісі», 201 «Мейіргер ісі», 301 «Мейіргер ісі».  Топ кураторлары белсенділерін таңдады. Кураторлық сағат барысында студенттер 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарымен танысты. Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Жуманбаева, кафедра кураторлары А.М.Шарапиева, А.М.Досбаева, М.М. Аскарова.

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!

2024 жылдың 16 қыркүйегінде Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Г.К. Токабаева 1105 және 1106 топтағы медицина студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты — студенттерді «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты бағдарламасымен таныстыру болды. Бағдарлама білім беру саласын, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу бағыттарын қарастырады. Г.К.Токабаева жастарға…

“Лудомания-құмар ойындарының зияны” тақырыбында кураторлық іс-шара өткізілді

2024 жылғы 01 қазанда Өскемен филиалының ЖТД  кафедрасынының кураторы Ш. Д. Енсибаева “Лудомания-құмар ойындардың зияны”тақырыбында ЖТД  728 тобының интерндерімен кураторлық сағат өткізді Кураторлық сағаттың мақсаты: қазіргі уақытта білім алушылардың ойын мәселесі туралы түсініктерін қалыптастыру, ойынның бар кемшіліктерін түсінуді дамыту, адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу. Кураторлық сабақ барысында лудоманияның өзекті мәселелері, клиникалық көріністері, кезеңдері және жастар арасындағы лудоманияның…

Аға ұрпаққа қамқорлық және көңіл бөлу

2024 жылдың 30 қыркүйегінде Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Калимолдина Г.К. 4109 жетекшілік тобының студенттерімен бірге «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы университеттік госпиталдың кардиология бөлімінде емделіп жатқан қарттарды мерекелерімен құттықтады. Баршаңызды Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық тілейміз! Әрқашан обасыңыз бен жақындарыңыздың қолдауы мен қамқорлығы  болсын! Әр күндеріңіз қуанышқа, шаттыққа толы…

АРДАГЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Қарттар күніне арналған іс-шаралар аясында университет госпиталінде медициналық мекеменің ардагерлерімен кездесу өтті. Басқарма төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов аға буын өкілдеріне құттықтау тілегін айтып, алғыс сөздерін жеткізді. Сондай-ақ, университет госпиталінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Бауыржан Азизов ардагерлергше ықыласын білдірді. Госпиталь әкімшілігінің ұйымдастыруымен іс-шараның құрметті меймандарының назарына Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.