2024 жылы 25 қыркүйекте Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Кайрханова Ынкар Окимхановна «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық» және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Декан студенттерді 2024-2025 оқу жылына арналған Академиялық саясатпен және Пән саясатымен таныстырды.
2024-2025 оқу жылынан бастап «Семей медицина университеті» КеАҚ барлық білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері үшін интегралды GPA енгізеді. Осыған байланысты студенттерге студенттердің оқу жетістіктері бағаланатын формулалар мен критерийлер көрсетілді, университет тарапынан ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-бағдарланған қызметті ынталандырудың қандай шаралары қолданылатыны айтылды.
Бұл жобаның мақсаты – білімге негізделген экономиканы құруға қатысатын, ғылыми-зерттеушілікке бағытталған, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жоғары білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. «Интегралды GPA студенттің қол жеткізген оқу жетістіктерінің деңгейін, ғылыми-зерттеу қызметіне бейімділігін және әлеуметтік құзыреттіліктерінің даму дәрежесін көрсетеді. Интегралды GPA-ның негізгі құрамдас бөлігі – студенттің оқу үлгерімі, оның оқудағы жетістіктері», – деп атап өтті Ынкар Окимхановна.
Кездесу барысында 1 курс студенттері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.