25.09. 2024 жылы Семей медициналық университетінің психиатрия және наркология кафедрасы “№40 жалпы орта білім беретін мектептің” 10,11 сынып оқушыларын таныстыру және тарту мақсатында кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізді.
Мектеп оқушыларына құттықтау сөз сөйледі: кафедра доценті Н. Н. Оспанова, кафедра ассистенті А. А. Алмагамбетова, 3513 ЖМ тобының студенттері, 1-ші оқу жылының резиденттері Ж.Е. Мұратбеков, А. Қ. Алдажар.
Өз сөзінде олар оқушыларды “Семей Медицина Университетінің” қарқынды инфрақұрылымдық дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі туралы толық ақпаратпен таныстырды. №40 мектеп оқушылары “СМУ” табысты қызметімен егжей – тегжейлі танысты, 7 білім беру бағдарламасы бойынша қандай мамандықтар алуға болатындығы туралы ақпарат алды. “Семей Медицина Университеті” ұзақ уақыт бойы білім алушылар мен профессор – оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеді. Әскери дайындық кафедрасы бар. Оқытудың мақсаты – ҚР Қарулы Күштері үшін медицина қызмекерлерді дайындау. Мектеп оқушылары қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Дәрігер мамандығы-біздің республика азаматтарының денсаулығын сақтау үшін құрметті, асыл және өте жауапты іс!