30.09.2024 жылы Д.М.Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедра меңгерушісі – Әлімбаева Әлия Рахметуллақызы, м.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор, сондай-ақ клиника бөлімнің ұйымдастырушылары СМУ КеАҚ-да клиникалық комитеттің отырысын өткізді. – «Абай облысы бойынша балаларды оңалту жағдайы». Отырыста қарастырылған сұрақтар: балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты, балалардағы физикалық және психикалық бұзылуларға байланысты мәселелер, мамандандырылған қызметтер мен ресурстардың жетіспеушілігі ағымдағы жағдайды талдап, оны жақсарту жолдарын анықтау. Тақырыпты талқылау балаларды оңалтудың проблемалары туралы хабардарлықты арттыруға және балалар мен олардың отбасыларына тиімді қолдау көрсету қажеттілігіне ықпал етеді. Өзекті мәселелердің бірі- кадр тапшылығы, ФМР мамандары (кинезиотерапевт,эрготерапевт, күтім бойынша ФМР медбикесі), онкология, кардиология және пульмонология салаларында оңалтуды дамыту, МООА-дағы көпсалалы топтардың тәжірибесінде МКФ-ны жеткіліксіз қолдану. Жиынға Семей қаласының емханалардың бас дәрігерлері, бас дәрігерлердің орынбасарлары, Семей қаласындағы оңалту орталықтарының басшылары қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.