Тәрбие мақсатымен іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес 2024 жылы 27 қыркүйекте Семей қ. ЖДТ кафедрасының доценті Б. А. Апсаликовтың жетекшілігімен ЖМ факультетінің 5320 тобының студенттері жоғары санатты хирург-дәрігермен, денсаулық сақтау ұйымдастырушы, №1 емхананың амбулаториялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Төлеген Болатұлы Кисаменовпен кездесті. Төлеген Болатұлы 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын “Емдеу іс” мамандығы бойынша білім алып бітіреді. “Хирургия” мамандығы бойынша интернатураны бітіргеннен кейін Семей қаласының ЖМЖА дан еңбек жолын бастады. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының №1 емханасында амбулаториялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Баяндамашы болашақ дәрігерлерге өзінің мамандығы және өзінің тәлімгері – кафедра меңгерушісі Мидленко Владмир Ильич туралы айтып берді. Студенттер шұғыл және амбулаториялық хирургия бойынша сұрақтар қойды. Тәжірибелі дәрігер студенттерге қызықты клиникалық жағдайларды айтып, сұрақтарға жауап беріп, болашақ дәрігерлерге баға жетпес кеңестер берді.
Іс-шара соңында студенттер Төлеген Болатұлына кездесу үшін алғыс айтып, ұзақ жылдар жемісті жұмыс тіледі. Мұндай кездесулер біздің университетте дәстүрге айналды. Олар болашақ дәрігерлердің қалыптасуында үлкен рөл атқарады.