Президент жолдауымен танысу

Президент жолдауымен танысу

30.09.2024 жылы  М.Д.Жорокпаева, Н.М.Абешова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауын 1305  стомотология, 1238, 1239 педиатрия топ студенттерімен талқылады.

Куратор сағатының мақсаты студенттермен жолдаудың мақсатын, міндеттерін және мазмұнын талқылау болды. Елбасы Жолдауы – еліміздің жыл сайынғы даму стратегиясын айқындайтын маңызды құжат. Елбасы Жолдауында мынадай мәселелер қамтылған:

1.«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын»

2.2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Қазір бұл көрсеткіш-7 пайыз шамасында.

3.Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Экономикамыз күн сайын мол энергияны қажет етуде. Сол себепті бұл сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алу мақсатында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум 6 қазанда өтеді.

4.Еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңарту керек.

5.«Ұлттық қор балаларға» ауқымды жобасы аясында 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды.

6.Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді.

Өткізілген кураторлық сағат студенттер қауымының ел Президентінің жолдауында айтылған барлық негізгі мәселелер туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті. Талқылау барысында студенттер Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді.

ЖББП кафедра оқытушылары Жорокпаева М.Д, Абешова Н.М