АЭС салудағы ең маңызды мәселе тақырыбында 30 қыркүйек күні стоматология мамандығының 1305, педиатрия мамандықтарының 1238,1239 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. АЭС салудағы технологиялық және ғылыми аспектілері, энергетикалық қауіпсіздік , баламалы энергия көздері және технологиялық салыстырулар, экономикалық тиімділік және қаржылық тәуекелдер, әлеуметтік және саяси аспектілер, экологиялық тәуекелдер және қоршаған ортаға әсер ету жайында талқылыланды.
Бүгінде әлемдік сарапшылар экологиялық апаттың алдын алудың бірден бір жолы – бейбіт атомның әлеуетін пайдалану екенін мәлімдеді. Өркениетті елдердің толымды тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікке қол жеткізу мақсатында экологиялық нормаларды қатаң қадағалау арқылы АЭС құрылысын жүргізуді көздеп отыр.
Технологиялық дамудың қазіргі кезеңінде адамдардың тұрақты және қауіпсіз өмірі үшін энергия өте маңызды.
ЖББП кафедра оқытушылары Жорокпаева М.Д, Абешова Н.М.