2024 жылғы 01 қазанда Өскемен филиалының ЖТД кафедрасында куратор Ш. Д. Енсибаева ЖТД 728 тобының интерндерімен “Суицид-сұмдықтың қара түнегі “тақырыбында кураторлық сағат өткізді
ДДҰ ресми статистикасына сәйкес жыл сайын миллионға жуық адам өз-өзіне қол жұмсайды. Әлемде соғыстар мен терроризмнен гөрі суицидтен көп адам өледі деп айтуға болады. 15-29 жас аралығындағы жастар арасында суицид жол-көлік оқиғаларында қаза тапқаннан кейінгі өлімнің екінші негізгі себебі болып табылады.
Суицидтің себептері, ықтимал суицидтің ескерту белгілері, мүмкін және қалыпты суицидтік мінез-құлық және қоғамның суицидтің алдын алудағы рөлі талқыланды.
Интерндер жалпы пікір білдірді- өз өміріңізді бағалау; кейде біреуді тағдырлы сызықтан аулақ ұстау үшін әдеттегіден сәл көбірек назар аудару жеткілікті…