КЕАҚ СМУ ЖДТ кафедрасы ассистенті, топ кураторы Жунусова Меруерт Қуанышпекқызы 729,730 топ интерндерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кураторлық сағат өткізді. Сыбайлас жемқорлық, өкінішке орай, қазіргі қоғамда таралған әлеуметтік дерт. Жемқорлық азаматтардың өмір сүру сапасы мен халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізуде. Біздің мемлекетіміз жемқорлықпен белсенді күрес жүргізуде. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Әр адам, әр азамат, әр жұмысшы өз деңгейінде жемқорлықпен байланысты заң бұзушылықтардың алдын алып, қажет болған жағдайда антикоррупциялық кеңеске хабар беруі шарт. Қатысушыларға өзіміз өмір сүретін ортаны өзіміз қалыптастыратынымыз айтылды. Интерн дәрігерлер өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауаптар алынды. Сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері туралы «СМУ» КеАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің +7 771 369 32 27 «Сенім телефонына» хабарласу арқылы хабарлауға болады.