“Күміс Университет” шарасы аясында “Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасы” ұжымының ат салысуы барысында Қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді.
Бұл шара Қарттар үйі тұрғындары арасында қазақ және орыс тілдерінде жалпы мұрын, құлақ, тамақ, көз, жүйке жүйесіне байланысты нейро-сенсорлы кереңдік жайлы дәріс оқылып, көптеген өте өзекті сұрақтарға жауап берілді. Сұрақ-жауап сұқбаты қызықты да мәнді өтті. Соңында үй тұрғындарына қажетті сыйлық тапсырылды. Қарттар мен басқа тұрғындар және үй басшылығы ризашылығын білдіру және кафедра ұжымының атынан ақ тілектер қабылдаумен іс-шара өз мақсаты орындалды.