17.09.2024 жылы 101 «Мейіргер ісі», 201 «Мейіргер ісі», 301 «Мейіргер ісі» топ студенттеріне «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның жалпы ережелері, пән саясаты, академиялық адалдық ережелері, сабақтарға, дәрістерге қатысу, білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың әдеп кодексі сұрақтар талқыланды. Жиынтық бағалау және оны пысықтау, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өткізу тәртібі, пәннің қорытынды бағасы, жиынтық емтиханды қайта тапсыру, апелляцияға беру және өткізу қағидалары, Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтихан, жазғы семестрді ұйымдастыру ережелері куратормен баяндалды.
Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Жуманбаева, кафедра кураторлары А.М.Шарапиева, А.М.Досбаева, М.М. Аскарова.