1 қазан күні Қазақстанда атомдық электр станциясының (АЭС) құрылуы бойынша 3120 ЖМФ тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Студенттер алдағы келе жатқан референдум туралы және референдум барысында ел азаматтары осы маңызды энергетикалық жоба туралы өз пікірлерін білдіріп ,өз дауысын беруі қажет екенінен хабардар болды. Талқылау барысында энергия тапшылығы проблемаларын шешу және қазба ресурстарына тәуелділікті азайту көзі ретінде атом электр станцияларының артықшылықтары, сондай-ақ экологиялық және ядролық қауіпсіздікке байланысты ықтимал тәуекелдер талқыланды. Студенттер әр азаматтың дауыс беруінің және мұндай референдумдарға қатысудың маңыздылығын атап өтті, себебі бұл елдің болашағына және олардың кәсіби өміріне тікелей әсер етеді.
Жазыкбаева Л.К., 3120 тобы