2024 жылғы 27 қыркүйекте «Күміс университеті» жобасы аясында Мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері кураторлық топтармен: 101 «Мейіргер ісі», 201 «Мейіргер ісі», 301 «Мейіргер ісі», қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж. М. Жуманбаеваның жетекшілігімен Халықаралық қарттар күніне орай жоба қатысушыларға арналған фуршет үстелін ұйымдастырды.
Мақсаты мен міндеттері:
1) қарттарға мейірімді, сыйластық қатынасты қалыптастыру;
2) ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту;
3) адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды жалғастыру: адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық, тектілік, егде жастағы адамдардың проблемаларына назар аудару үшін көмекке келу мүмкіндігі.
3) егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндігі.
Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Жуманбаева, кафедра ассистенттері А.М.Шарапиева, А. М. Досбаева, А Елемес, А.С.Крыкпаева, Д.Ш.Шагиева, А.А.Есенбаева., Ш. Ш. Амренова, А. Т. Оспанова, М. М. Аскарова, Н. С. Рахматуллина, Р.Н.Құдайбергенов.