ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Раисов атындағы «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасына екі мектеп бекітілді: Семей қаласының №32 «жалпы орта білім беретін мектеп» КММ және №33 «жалпы орта білім беретін мектеп» КММ. 2024 жылғы 26 қыркүйек «Семей Медициналық университетінің» ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының 10,11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізді.
ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының PhD, оқытушы П.С. Рахимгалиева өз сөзінде оқушыларды «Семей медицина университетінің» қарқынды инфрақұрылымдық дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі туралы толық ақпаратпен таныстырды.
Сонымен қатар, «Семей медицина университеті» КеАҚ «Medical foundation» дайындық бөлімі жөнінде ақпарат беріп, мектеп оқушыларын химия және биология пәндері бойынша
ҰБТ-ға дайындыққа шақырды. «Семей медицина университеті» КЕАҚ имидждік ролигі көрсетілді, балаларға «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, университетке түсу және оқу шарттары туралы ақпараты бар буклеттер берілді.
Білім алушылар Семей медициналық университетінің табысты қызметімен егжей – тегжейлі танысты, 7 білім беру бағдарламасы бойынша қандай мамандықтар алуға болатындығы туралы ақпарат алды. «Семей медицина университеті» ұзақ уақыт бойы білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеді. Әскери дайындық кафедрасы бар. Әскери даярлықты оқытудың мақсаты-ҚР Қарулы Күштері үшін запастағы медициналық қызмет офицерлерін даярлау. №32 ЖОББ КММ 11-сыныптың екі оқушысы және №33 ЖОББ КММ 11-сыныптың үш оқушысы КеАҚ «Семей медицина университетіне» түсуге ниет білдірді. №32 ЖОББ КММ, №33 ЖОББ КММ мектеп оқушылары қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды.
Дәрігер мамандығы-Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау үшін құрметті, асыл және өте жауапты іс!
Кәсіптік бағдар беру бойынша жауапты:
ҚР ҰҒА академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы PhD, Рахимгалиева П.С.