Облыстық Достық үйінде Қарттар күні

Облыстық Достық үйінде Қарттар күні

30 қыркүйекте “Rүміс университеті” жобасы аясында “Иммунология”, “ЛОР аурулары” пәндерінің оқытушылары, доценттер А.К.Ахметова және С.Б.Маукаева облыстық Достық үйіне кураторлық топтармен барып, “Айша Бибі” мәдени орталығының өкілдерімен кездесті. Орталық мүшелері мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде ұлттық қолданбалы шығармашылықты жандандырады. Орталыққа бару 1 қазанда өтетін Қарттар күніне орайластырылды. Оқытушылар мен студенттер орталық мүшелерін құттықтап, осы күн туралы естелік сыйлықтар табыс етті. Орталық басшысы студенттер мен оқытушыларға алғысын білдіріп, орталық жастарды адамгершілік-мәдени тәрбиелеуге үлкен үлес қосып, Отан мен отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкендерге деген құрметті оятатынын атап өтті. Кездесуге қатысушылар денсаулық пен табыс тілеп, мерекеге орай бірге көңілді әндер шырқады.