2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «Семей медицина университеті» КеАҚ «Медицина және педиатрия мектебінің» және «Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің» 1-2 курс студенттерімен әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кезекті кездесулері өтіп жатыр.
Аталған кездесудің негізгі мақсаты – университет студенттеріне әскери кафедраға түсудің негізгі ережелері мен жағдайларын жеткізу.
Кездесу барысында әскери кафедра оқытушылары: кафедраның бастығының орынбасары отставкадағы м/қ п/п-гі Смагулов А.Т., цикл бастықтары запастағы п-к Мамыканов Р.Т. және запастағы м/қ п/п-гі Смаилов Н.С., запастағы полковник Аманов М.Ш., запастағы м/қ п/п-гі Шерстобитов И.Н., запастағы м/қ п/п-гі Матыцин А.В., өздерінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызметтерін өткеру тәжірибелерімен бөлісті.
Іріктеу конкурсына қатысуға жасы 24 жастан аспаған студенттер босатылатынына (құжаттарды тапсыру уақытында) баса назар аударды.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет етуші студенттер, 2024 жылдың 01 қыркүйегінен – 2025 жылдың 31 мамыр аралығында нысан бойынша өтініш жазады және төмендегідей құжаттарды қоса тіркейді:
– Өтініш (әскери кафедраға келіп жазады);
– Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
– Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (приписной билет) немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі);
– 3х4 көлемдегі фотосурет – 1шт;
– Сотталуы бар немесе жок болуы жайлы анықтама;
– Спорттық жетістіктерін растайтын құжаттама;
Іріктеу төрт кезеңде өткізіледі:
I кезең – медициналық куәландыру.
II кезең – кәсіптік- психологиялық тестілеу.
III кезең – дене дайындығын тексеру.
IV кезең – конкурстық іріктеу.
Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров