Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

27.09.2024 және 30.09.2024 жылы симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушылары 701 және 702 топ интерндерімен бірлесіп № 20 және № 44 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді. Оқушыларға медициналық университеттің құрылу және даму тарихы, “СМУ” КеАҚ-ң барлық қолжетімді оқу бағдарламалары, филиалдары және әскери кафедрасы туралы баяндайтын бейне, презентация көрсетілді. Интерндер студенттік өмірден алған әсерлерімен бөлісті, өздерін тек оқуда ғана емес, еріктілік қызметте де көрсету мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ түрлі ғылыми, спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысуға болатыны туралы айтты. Интерндер ЖӨР (базалық жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша мастер-класс өткізді. Мектеп оқушыларына КеАҚ “СМУ” –ң ұйымдастыратын химия және биология бойынша “Medical foundation” курсын, оқуға түсу мүмкіндігі бар факультеттер сипатталған брошюралар берілді. Көптеген оқушылар осы жоғары оқу орнына түсуге өте ынталы болды, оқуға түсуге қатысты көптеген сұрақтар қойылып, оларға жауаптарын алды.

Рубрикалар: Категориясыз