05.09.2024ж КеАҚ СМУ-нде Абай облысының стационарлық және амбулаториялық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне арналған «Балалардағы тұмау және басқа ЖРВИ. Маймыл шешегі» семинары өтті. Семинар ҚР ДСМ СЭБ комитеті Абай облысының СЭБ департаменті СЭБ басқармасының ұйымдастыруымен, Абай облысының бас штаттан тыс инфекционисті, ҚеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М. Эфендиевтің қатысуымен ұйымдастырылды. Семинардың тыңдаушылары Абай облысының эпидемиологтары, емханалар мен стационарлар дәрігерлері болды.
Кіріспе сөзбен Абай облысының СЭБ басқармасының басшысының орынбасары А.Т. Тоқтабаева, сондай-ақ И.М. Эфендиев сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын балалардағы ЖРВИ мен тұмаудың клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктеріне аударды. “Балалардағы тұмау мен ЖРВИ -дың этиология, эпидемиология, жіктеу және клиника, диагностикасы, емдеу және алдын алу” баяндамасымен ҚеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті, м. ғ. к., А. А. Мансурова сөз сөйледі. Абай және Семей қалаларындағы ЖРВИ және тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы Абай облысының СЭБ жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Серикбаева А.Б. баяндады. Бұдан әрі “ҰТО” ШЖҚ ФРГП вирусологиялық зертханасының меңгерушісі А. О. Бектасова ЖРВИ және тұмау кезінде вирусологиялық зерттеу үшін материал алу ережелерімен таныстырды.
“Маймыл шешегінің этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емі” тақырыбында КЕАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Т. Д. Далелқанова баяндама жасады. Семинар бағдарламасына сәйкес аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Ш.Б. Садықова ҚР Бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушының 26.08.24 ж. №8 “ҚР-да маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы” қаулысының деректерін баяндады.
Семинардың қорытындысында И.М. Эфендиев тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында ұйымдастырушылар қатысушылардан кері байланыс алды. Семинар офлайн және онлайн форматта өтті, онлайн тыңдаушылар саны 100-ден асты.