«МУС» КеАҚ Студенттер үйлерінде сенбілік іс-шаралар жоспарына сәйкес хирургиялық пәндер кафедрасының урология пәнінің қызметкерлері 6 қазан 2024 ж. өтетін Қазақстан Республикасында атом электр станциясының құрылысы туралы референдум қарсаңында №1 Студенттер үйінде «Бейбіт мақсаттағы айбатты атом» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Энергия блоктарының жұмыс циклі, уран өндіру және байыту технологиясы, оны тасымалдау және сақтау туралы сөз қозғалды. Өнеркәсіптің өсуі, ескі көмір станциялардың ескіруі мен тозуы, жаңартылатын энергия көздерінің тұрақсыздығы ескеріле отырып, еліміздің электр энергетикасындағы энергетикалық тәуелсіздігінің қажеттілігі ерекше атап өтілді. Олар атом электр станцияларының технологиялық сенімділігі мен экологиялық қауіпсіздігінің маңыздылығын атап өтті.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Шара соңында студенттер тарапынан оң пікірлер айтылды.