2 қазан күні «Урологтар күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі. Мереке күні «Урология және андрология» мамандығының резиденттері урология ардагері Әбуов Сырым Габдрешевичті құттықтады. Оларға естелік сыйлық табыс етіліп, ұзақ ғұмыр, денсаулық және шығармашылық табыстар тіледі. Жасы үлкендігіне қарамастан, ардагер әлі күнге дейін еңбек жолында, қабылдау жүргізіп, кафедрада жиі қонақ болып, жас мамандарға өз құнды тәжірибесін бөліседі.