Жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ны сәтті тапсыруға бағытталған қосымша сабақтар

Жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ны сәтті тапсыруға бағытталған қосымша сабақтар

26.07.2024 ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары Ракымгазиева А.С. және Амангалиева Г. М. стоматология факультетінің 303,304 тобының студенттерімен бірге Семей қаласының №19, 30 мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ны сәтті тапсыруға бағытталған қосымша сабақтар өткізілетін Medical Foundation сабақтары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ ,  КЕАҚ  СМУ-да оқытылатын оқу бағдарламалары мен мамандықтары туралы айтылды. Оқушылар шет елдерде алмасу бойынша оқыту бағытында белсенді қызығушылық танытты және мектепті бітіргеннен кейін біздің университетке түсуге ниетті. Студенттерді кәсіптік бағдар беру жұмысына тарту оқушылар үшін жағымды әсер қалдырады және оларды біздің университетте оқуға ынталандырады. Стоматология факультетінің 303 және 304 топтарының студенттеріне көрсеткен белсенділігі мен еріктілік қызметі үшін Алғыс білдіреміз.

Жарияланды: