Кәсіптік бағдар беру жұмысы “№4 Жалпы орта білім беретін мектеп”

Кәсіптік бағдар беру жұмысы “№4 Жалпы орта білім беретін мектеп”

27.09. 2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасы “№4 жалпы орта білім беретін мектеп” 11 сынып оқушыларын «СМУ-мен» таныстыру және тарту мақсатында кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізді.

Мектеп оқушыларына: кафедра доценті Н. Н. Оспанова, кафедра ассистенті А. А. Алмагамбетова, 3513 ЖМ тобының студенттері, 1-ші оқу жылының резиденттері Ж.Е. Мұратбеков, А. Қ. Алдажар құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде олар оқушыларды “Семей медицина университетінің” қарқынды инфрақұрылымдық дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі туралы толық ақпаратпен таныстырды. №4 мектеп оқушылары “СМУ-ның” табысты қызметімен егжей-тегжейлі танысты, 6 білім беру бағдарламасы бойынша қандай мамандықтар алуға болатындығы туралы ақпарат алды. “Семей медицина университеті” ұзақ уақыт бойы білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеді.  2024 жылдың қаңтар айынан бастап 35 білім алушы шетелдік академиялық ұтқырлықтан өтті (барлығы күндізгі форматта). Елдер: Ресей, Өзбекстан.

Әскери дайындық кафедрасы бар. Кафдераны оқытудың мақсаты-ҚР Қарулы Күштері үшін запастағы медициналық қызмет офицерлерін даярлау. №4 мектеп оқушылары қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды. Дәрігер мамандығы-біздің республика азаматтарының денсаулығын сақтау үшін құрметті, асыл және өте жауапты іс!