Музейге саяхат – білім мен мәдениеттің маңызды бөлігі

Музейге саяхат – білім мен мәдениеттің маңызды бөлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: “Туған жердің шебін күзетіп, тұтастықты сақтау – әрбір азаматтың қастерлі парызы” деген сөзі бар. Сондықтан, туған өлкенің сырын білу, тарихын ұғыну әрбір перзентке артылатын үлкен жауапкершіліктің бірі.

Осы мақсатта «Семей медицина университеті» КеАҚ Түсіпов  атындағы педиатрия және оңалту кафедрасының 2-ші оқу жылындағы дәрігер неонатологтар Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына арнайы барды.

Педиатрия кафедрасының ассистенті Бакытжан Алибековна бастаған болашақ ақ-халатты абзал жандар Абайдың жүріп өткен жолымен өшпес мұрасына қанық болып, хакім өмірімен тағы бір мәрте танысып қайтты.

Экскурсия барысында студенттер қазақ әдебиетінің алтын қорын, мәдениеттің байлығын және ұлы Абайдың қоғамға қосқан үлесін ұғынып, өздерінің ұлттық идентификациясын нығайта түсті.

Білім ордасындағы оқу кестесіне сай жасалған аталмыш экскурсиялар келешек ұрпаққа ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраны сақтауға,  құрметтеуге, мәдени білімін арттырып, тарихи жауапкершілікті сезінуге ықпал етпек.