2024 жылғы 02 қазанда Семей қаласының ЖТД кафедрасының оқытушылары кафедра меңгерушісі А.А. Дюсупова жетекшілігімен, В. Т. Ахметова, Г. Т. Камашева, Р.И. Фаизова, ЖТД 709 тобының интерндерімен бірлесіп Семей қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің бітіруші сыныптарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге жоғары сынып оқушылары, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігінің өкілдері қатысты. 11-сынып оқушыларына «Семей медицина университеті» КеАҚ, оның институттары, факультеттері, еліміздің ең көне жоғары оқу орнында оқыту жүргізілетін мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары бакалавриат пен интернатураны бітіргеннен кейін университеттің магистратурасы мен докторантурасында одан әрі оқудың кең мүмкіндіктерімен танысты. Кездесу тұсаукесер мен бейнероликтермен сүйемелденді. Оқушылардың ақылы бөлімдегі төлем тәртібі, оқу грантын алу мүмкіндіктері туралы сұрақтарына жауаптар берілді.