“№1 ЖОББМ”психиатрия және наркология кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

“№1 ЖОББМ”психиатрия және наркология кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

30.09. 2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасы “№1 ЖОББМ” 11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізді.

11 сынып оқушыларына: кафедра ассистенті А.А. Алмагамбетова, кафедра доценті Н.Н. Оспанова, 3513 ЖМ кураторлық тобының студенттері, 1-ші оқу жылының резиденттері Ж. Е. Мұратбеков, А. Қ. Алдажар құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде олар оқушыларды “Семей Медицина Университеті” қарқынды инфрақұрылымдық дамуының, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуінің толық ақпаратымен таныстырды. №1 мектеп оқушылары “СМУ” табысты қызметімен егжей-тегжейлі танысты, 6 білім беру бағдарламасы бойынша қандай мамандықтар алуға болатындығы туралы ақпарат алды: медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық, мейірбике дело, фармация, педиатрия. “Семей медицина университеті” ұзақ уақыт бойы білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеді.  2024 жылдың қаңтар айынан бастап 35 білім алушы шетелдік академиялық ұтқырлықтан өтті (барлығы күндізгі форматта). Елдер: Ресей, Өзбекстан. Әскери дайындық кафедрасы бар. Кафдераны оқытудың мақсаты-ҚР Қарулы Күштері үшін медициналық қызмет офицерлерін даярлау. №1 мектептің 11 сынып оқушылары қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды.

2024 жылғы 15-26 сәуір аралығында “СМУ” екі резиденті Томск қ. Сібір мемлекеттік медицина университетінде “Жалпы хирургия”мамандығы бойынша тағылымдамадан өтті