2 қазанда ішкі аурулар және ревматология кафедрасы «Нефрология ересектердің, балалардың» ББ резиденттері үшін «Ашық есік күнін» өткізді. Студенттер кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Іс-шара ұстаздар күніне арналып, тәлімгерлерімізге құрмет көрсетілді. Біздің ұстаздар заман мен ұрпақтың жанды байланысын бейнелейді. Үлкен тату ұжымда оларды бағалайды және мақтан тұтады.
Кафедра меңгерушісі, доцент Қасқабаева А.Ш. резиденттерді кафедраның тарихымен, дәстүрімен, құрамымен және жетістіктерімен таныстырды. Кафедраның профессорлары мен доценттері толағай табыстар тілеп, сөз сөйледі. Кездесу жылы, достық жағдайда өтті. Өйткені, дәстүрді құрметтейтін ұрпақтар сабақтастығынан артық не бар, ал медицинада, әсіресе артық құрметтеледі!
Кафедра ассистенті Ботабаева А.С.