Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

01.10.2024 Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн –аға ұрпақтың еңбегін еске алып, атап өтуге, қарт адамдардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жаңаша қарауға тамаша мүмкіндік.

Қарттар күнінде  PhD докторы, бірінші санатты хирург Әуенов Медет Әуенұлы жетекшілігімен “Жалпы медицина” мамандығының 4404 тобының 11 студенті зейнеткерлерге барып, көмек көрсетті. Жас ұрпақ үшін егде жастағы  адамдар назар мен қолдауды, үнемі қамқорлықты қажет ететінін түсіну өте маңызды.  Бұл – біздің әкелеріміз бен аналарымызға, аталарымыз бен әжелерімізге, ардагерлерге, зейнеткерлерге және барлық аға буынға тағы да Алғыс айту мүмкіндігі. Аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт және бейбіт аспан тілейміз!

Рубрикалар: Мерекелер