Хирургия бойынша студенттік ғылыми үйірменің отырысы

Хирургия бойынша студенттік ғылыми үйірменің отырысы

Госпитальдық хирургия анестезиология реаниматология кафедрасында 2024 жылғы 18 қыркүйекте студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы өткізілді. ХҒҮ басшысы Абдрахманов С .Т. және студенттік ғылыми үйірме-Госпитальдық хирургия төрағалары мен қатысушылары қатысты . Отырыстың тақырыбы: “Жаралар-анықтамасы классификациясы БХӨ “. Отырыста біз жаралардың барлық түрлерін қарастырдық, оларды жіктеу бойынша зерттедік, өйткені жараның пайда болу механизмі, табиғаты және хирургиялық тактикасы бірнеше рет ерекшеленеді. Сондай-ақ, қарапайым жарадан бастап атыс жаралары мен іріңді-қабыну процесі түріндегі асқынуларға дейінгі жараны бастапқы және қайталама хирургиялық емдеу қалай жүргізілетіні практикалық түрде көрсетілді. Үйірмеге қатысушылар тігістерді өз бетінше тігіп, жараларды өндеу, қан тоқтату техникасын көрсеттіп, тамырларға лигатуралар салу және соңында терең жараларды дренаждау қалай жүргізілетінін көрсетілді. Бұл отырыс хирургиялық манипуляцияның негіздерін көрсетті және қатысушыларға қолда бар дағдыларды жақсартуға және білім денгейін кеңейтуге мүмкіндік берді

Рубрикалар: Категориясыз