02.10.2024 ж. “Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы” РММ-де “санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, емдеу-алдын алу ұйымының маймыл шешегіне күдікті науқас анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі”тақырыбында семинар және демонстрациялық оқу-жаттығуы өтті. Осы семинарға М.ғ. к., доцент, СМУ КЕАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессоры Смаил Е. М. “Маймыл шешегі ауруының этиология, эпидемиология, клиника, дифференциалды диагностикасы және емдеу тактикасы”баяндамасымен қатысты. Семинарға қазіргі уақытта “ересектердегі жұқпалы аурулар” пәнін оқып жатқан “Жалпы медицина”факультетінің 5411 топ студенттері қатысты. Спикерлер Mpox-тың клиникасын, диагностикасын, емдеу және алдын-алу шараларын қарастырды.
СМУ КЕАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы